ҚОТ туралы ақпарат



Құрметті студент!

Қашықтықтан оқыту күндізгі қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану түрін жүзеге асырады.

Қашықтықтан білім беру порталының мекен-жайы edu.vkgu.kz

Қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚБТ) бойынша оқытудың нормативтік-құқықтық негізінде ұйымдастырылады:

• «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.

• «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы (2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығына өзгеріс енгізуімен).

• «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.

• «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы (2016 жылғы 30 мамырдағы № 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуімен).

ҚБТ қолдануымен келесі дәрежедегі білім алушылар қолданады:

- техникалық және кәсіптік және жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;

- мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде мүгедек-балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер болып табылатын адамдарға;

- «Болашақ» стипендиаттарынан басқа, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде білім алушыларды алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс жерлерге кеткендерге;

- жоғары білім деңгейінде мерзімді әскери қызметке шақырылған сырттай оқу формасында оқитындарға;

- жоғары білім деңгейінде ұзақ шетелдік іссапарда (4 айдан астам) жүргендерге ҚБТ сонымен қатар қолданылуы мүмкін:

- профессорлық-оқытушылық құрамның қосымша білім, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру жағдайында, оның ішінде шет тілінде;

- шетелдік серіктес-жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын немесе қос диплом бағдарламаларын іске асыру кезінде.

ҚБТ келесі түрлерде жүзеге асырылады:

желілік технологиялар – оқу-əдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен жəне бір-бірімен интерактивті өзара іс- əрекет түрлерін, сонымен қатар Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін əкімшілендіруді қамтитын технология;

кейс технологиялар - қағаз, электрондық жəне өзге де тасымалдағыштарда мультимедиялық оқу-əдістемелік материалдар жиынтықтарын (кейстерді) жинақтауға жəне оларды өз бетінше оқыту үшін білім алушыларға таратуға негізделген технология.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру тәсілі бойынша келесі технологиялар қолданылады:

Оn-line - нақтыуақыттасинхрондыақпараталмасудықамтамасызететінжелілікақпараттықкеңістіктегібайланыс, хабарламақұралдары, қашықтықтаноқытукурстарыныңоқуматериалдарыбойыншабілімалушыныңжұмысы, кейінненаралықжәне/немесеқорытындыбақылаудытапсыру (Интернет болуынболжайды);

Off-line - коммуникация құралдары, ақпараттық кеңістіктегі хабарламалар, онда оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы уақыт аралығында үзілген (асинхронды), оқытушының тапсырмасы бойынша кейспен және оқулықпен білім алушының жұмысы, кейін аралық және/немесе қорытынды бақылауды тапсыру (Интернет болуын қажет етпейді).

Қосымша ақпарат алу төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

Телефон: (7232) 541-493

E-mail: akudaibergeneva@vkgu.kz

Жоғары оқу орнының қашықтықтан оқытудың порталының форумы: edu.vkgu.kz/about/forum